“Comfort Time”

Ипотечный брокер / Менеджер по ипотечному кредитованию

200 000 - 1 000 000 KZT
  • Шымкент
  • Нет опыта
  • Деловое общение
  • Развитие продаж
  • Работа с банками
  • Работа с документами
  • Деловая этика
  • Навыки переговоров
  • Согласование договоров

Comfort Time — тұрақты және белсенді дамып келе жатқан ипотекалық компания. Біз адамдардың өз үйіне қол жеткізу арманын шындыққа айналдырамыз: құжаттар жинау, тиімді бағдарлама таңдау және банктермен келіссөздер жүргізу сияқты күрделі жұмыстарды өз мойнымызға аламыз. Біздің мақсатымыз — жылжымайтын мүлік сатып алу процесін әрбір клиент үшін барынша жайлы ету.

Қазіргі уақытта біз командамызды кеңейтіп жатырмыз және адамдармен тіл табыса алатын, жоғары табыс табуға ұмтылатын Брокер іздейміз. Егер ипотека саласында тәжірибеңіз болмаса, бірақ сатуға талантыңыз болса — біз өзіміз бәрін үйретеміз!

Біз не ұсынамыз (Шарттары):

  • Шектеусіз жоғары табыс: тұрақты оклад + әрбір мәміледен (сделка) ашық бонустар. Табысыңыз тек сіздің белсенділігіңізге байланысты.

  • Тұрақты клиенттер ағыны: клиенттерді өз бетіңізше іздеп уақыт құртпайсыз — Comfort Time сізді дайын, «ыстық» кіріс өтінімдерімен қамтамасыз етеді.

  • Сарапшылардан тегін оқыту: жұмысты бастағанда арнайы тәжірибелі тәлімгер (наставник) бекітіледі. Сіз аз уақыт ішінде барлық банктердің бағдарламаларын және нарық ерекшеліктерін меңгеріп шығасыз.

  • Ресми жұмысқа орналасу және жалақының кешіктірілмей, уақытылы төленуі.

  • Заманауи әрі жайлы кеңсе, тату ұжым және мансаптық өсу (бағыт басшысына дейін көтерілу) мүмкіндігі.

  • Жұмыс кестесі: 6/1. Дүйсенбіден жұмаға дейін — 10:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі — қысқартылған күн.

Сіз немен айналысасыз (Міндеттері):

  • Клиенттерге жылжымайтын мүлік сатып алу бойынша кеңес беру және оларға ең үздік ипотекалық бағдарламаларды таңдау.

  • Құжаттар жинауға көмектесу, ипотеканың мақұлдану мүмкіндігін бағалау және серіктес банктерге өтінім жолдау.

  • Клиентті алғашқы кеңестен бастап, мәміле сәтті аяқталғанға дейін «қолынан ұстап» бірге жүру.

  • Компания серіктестерімен: жетекші банктермен, құрылыс компанияларымен (застройщики) және риелторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу.

  • Ыңғайлы CRM жүйесінде клиенттермен жұмыс тарихын жүргізу.

Біз сізден не күтеміз (Талаптар):

  • Міндетті түрде: қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру (сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениеті).

  • Дамыған қарым-қатынас дағдылары, адамдарды баурап ала білу және істі нәтижеге дейін жеткізу.

  • Компьютерді, смартфонды және мессенджерлерді сенімді қолдану.

  • Нәтижеге және жоспарларды орындауға бағытталу (біз жай ғана окладқа отырмай, көп ақша тапқысы келетіндерді іздейміз).

  • Банк, жылжымайтын мүлік немесе белсенді сауда (продажи) саласында тәжірибеңіз болса — бұл үлкен артықшылық болады, бірақ ең бастысы — Comfort Time командасымен бірге дамып, үйренуге деген құлшыныс.